Әлеуметтік педагог жұмысының есебі » Көкқайнар ауылындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көкқайнар ауылындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72759) 31-3-80
Есепші бөлімі:
+7(72759) 31-3-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
июнь
2022

Әлеуметтік педагог жұмысының есебі

 «Көкқайнар ауылындағы орта мектеп» КММ
2021-2022 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған
жұмысының жылдық есебі. 
 
      Маусым  айында 2021-2022  жылға арналған жұмыс жоспарын дайындап,  әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілді. Жылдық жоспар негізінде айлық, апталық  жоспарлар жасалып, жоспар бойынша төмендегі жұмыстар жасалды.
       Мектепке жол акция барысында тамыз айында 25 балаға жалпыға бірдей білім беру қорынан  әр бір балаға  мектеп формасы мен сөмкелер  берілді.
    2021 жылдың 1 қыркүйегінен 1-10 сынып аралығында көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы 25 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. /барлық ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны 25/. Ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі жасалып ауыл әкімімен бекітілді.  Оқушылардың күнделікті тамақ ішуін мектеп медбикесі Д.С.Нурова  және әлеуметтік педагог  М.С.Алипбаева бақылап отырды. Оқушылардың жеке құжаттарымен танысып, әр түрлі жағдайына қарай тізімі  жасалды. Көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен, жартылай жетім және қамқорлыққа алынған балалардың әлеуметтік төлқұжатты жасалды. Мектеп бойынша баланың жалпы саны -76. Көпбалалы отбасындағы оқушылар саны 13 бала, аз қамтылған отбасындағы оқушылар саны 11 бала, қамқорлықтағы оқушылар саны 1 бал.
      25 қазан күні әлеуметтік педагог М.С.Алипбаева «Баланың құқықтары туралы Конвенция» тақырыбында 7-10 сынып аралығында ашық сабақ өтілді.      
    29  қазан  Қамқоршылар күні. Мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, патронаттық тәрбиедегі балаларға, қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.Мектебіміздегі бір  қамқоршы оқушыға көңіл бөлу мақсатында «Балаға мейірім сыйла» атты 7,9 сыныптарға ашық сабақ өтіліді.                                                                           
       1-желтоқсан «Біз салауатты өмірді қолдаймыз»-СПИДке , наркоманияға қарсымыз атты апталық ұйымдастырылды. Мектебіміздің кітапханашысы Г.Т.Кубеева, медбике Д.Нурова, мектеп психологы Ш.Алтынбекова, әлеуметтік педагог  М.Алипбаевалардың ұйымдастыруымен 5-10 сыныптар аралығында пікірталас өткізіліп , бейнероликтер көрсетіліп , спид жайлы түсінік берілді.
Сонымен қатарЖБББ қорындағы оқушыларға жаңа жылға тәттілер берілді.
        2022 жылы қаңтар айынан бастап әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары бойынша , жұмыстар жүргізілді. 1-8 сыныптар аралығындағы  көпбалалы, қамқоршы  және тұрмысы төмен жанұядағы  25 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Олардың күнделікті тамақ ішуі қадағаланып тұрды.
         Мектебімізде 2022  жылы 17  қаңтар мен 17 ақпан аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы бойынша айлық өткізілді. Акцияны өткізу барысында  іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Акцияның мақсаты - оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау, сондай-ақ материалдық көмекке мұқтаж көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, жетім және жартылай жетім, қамқорлыққа алынған балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету.  Әлеуметтік себептер бойынша сабақтарға балалардың келмеуінің алдын алу.
Міндеті:
- жалпы орта білім алу үшін мектеп жасындағы балаларға жағдай жасау;
- дәлелсіз себептермен сабақтарға ұзақ уақыт бойы қатыспаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу;
- олардың сабақтарға қатыспау себептерін анықтау;
- күнкөрісі төмен және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға жұртшылықты тарту.
     Акция өткізу барысында жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларды, сондай-ақ материалдық көмек көрсетуге мұқтаж және әлеуметтік себептер бойынша сабаққа келмей жүрген балаларды анықтау үшін рейдтер жүргізілді. Рейд нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж отбасы балаларының тізімдері жасалды. Мектеп әкімшілігі тарапынан көпбалалы отбасындағы 3-2 сынып оқушылары  Әбіласан Бекет пен Әбіласан Бердібекке  қыстық аяқ киім   алынып берілді.   
         Көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен, жартылай жетім және қамқорлыққа алынған балалардың тізімі анықталды. Мектеп бойынша көпбалалы отбасындағы оқушылар саны 13 бала, аз қамтылған отбасындағы оқушылар саны 11 бала, жартылай жетім оқушылар саны 2 бала, қамқорлықтағы оқушылар саны 1 бала. Қамқорлыққа алынған балалардың тұрмыс жағдайын  мектебіміздің тәрбие іс меңгерушісі Ш.Б.Райсова, психолог Ш.А.Алтынбекова, әлеуметтік педагог  М.С.Алипбаева  және сынып жетекшілермен бірге тұрғын үй жағдайы зерттелді. 
           2022  жылдың 21 ақпанында  «Сен және сенің құқығың» атты  құқықтық білім апталығына іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Мектебімізде 21-25 ақпан аралығында құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың және ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Сен және сенің құқығың» атты  құқықтық білім апталығы өткізілді. Апталық барысында сынып  оқушыларының  кунделікті  сабаққа  қатысуы  қадағаланды.
         Әлеуметтік педагог М.С.Алипбаева   мектеп Парламентімен бірлесіп «Менің қоғамдағы құқықтарым» атты тақырыбында 9 -10 сынып оқушыларының  арасында дөңгелек  үстел  өткізілді.
        8 сынып жетекшісі Б.М.Жампейсов  8-9  сыныпта 16 ақпан күні  «Құқық әлемінде» тақырыбында  баяндама оқыды.
Баяндаманың мақсаты,  оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң  алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге және саяси сауаттылыққа баулу.
      16 ақпан күні «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» бағытында ата-аналар мен оқушыларға «Заң алдында бәрі бірдей» тақырыпта 9 сынып жетекшісі Ғ.Ғ:Ғаббасов «Өз заңым-өз арым» тақырыптарда  заң туралы баяндамалар оқыды.
      17 ақпан күні әлеуметтік педагог М.С.Алипбаева  «Баланың құқықтары туралы Конвенция» тақырыбында 5-10 сыныптар арасында лекция оқыды. Лекцияда «Баланың құқықтары туралы Конвенциясы» Заңы түсіндіріліп, оның бөлімдері оқылды.
      Апталық барысында қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Н.Ғаббасова 5-10 сынып оқушылар арасында «Құқығым бар!» тақырыбында  шығармалар байқауын ұйымдастырды.
       20 ақпан күні құқық пәні мұғалімі Н.Сұраншы «Бала құқықтары» тақырыбында  баяндама  оқыды.  Баяндаманың мақсаты баланың мектептегі құқықтарын, білімге құқығы, отбасындағы құқықтары, денсаулығын сақтауға құқығын айта отырып, оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету.
       21 ақпан күні 9,10, сыныптар аралығында  «Құқықтық салауаттылық-заман талабы» тақырыбында пікір-сайыс өткізілді. Оқушылар өз білімдерін ортаға салды. Сайыстың мақсаты,  оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу, оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту.
       21 ақпан күні ата-аналарға арналған құқықтық білім күніне орай «Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы - балалардың құқықтарын қорғаудың кепілі» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Қатысқан ата-ана саны-8.  Өткізген тәрбие ісінің меңгерушісі Ш.Б.Райсова және әлеуметтік педагог М.С.Алипбаева.
      22 ақпан күні тарих пәні мұғалімі Б.М.Жампейсов  «Құқық – тәртіп айнасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты, балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, шығармашылық белсенділігін дамыту, имандылық қасиеттерге елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.
       23 ақпан күні әлеуметтік педагог М.С.Алипбаева  9- сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру және  кәсіптік қызметті таңдауда көмек көрсету үшін кеңес берілді. Талабына, қабілеттілігіне, жеке ерекшеліктеріне сәйкес жастардың саналы және еркін түрде кәсіп түрлерін таңдауына дайындау бойынша жүргізілді. Қатысқаны 9 сыныптан 7 оқушы,   қатысты.
           Қиын баламен жұмыс жолдарын жүргізу үшін бақылау әдісі арқылы сынып оқушыларымен әр түрлі тренингтер өткізілді. Сынып оқушылармен  «Маған өмір қымбат», «Менің арманым» тақырыптарда тренингтер өткізілді. 8-9 сынып оқушыларынан «Срест  тест» сауалнама алынды.
        1 маусым балаларды қорғау күніне байланысты мектеп психолог Ш.А.Алтынбекова мен әлеуметтік педагог М.С.Алипбаева өз тараптарынан жалпыға бірдей білім беру қорындағы 7 оқушыны аудан орталығының саябағына серуендетіп қайтты.
        17 мамыр   мектеп жанындағы лагерьмен 60 бала қамтамасыз етілді. Қарғалы ауылындағы   «БалаусаТАУ LAND» жазғы сауықтыру лагеріне 3оқушыға  тегін жолдама  берілді. «Балауса» лагеріне көп балалы, азқамтылған, үздік оқушылар тізімі жасалды.

Орындаған әлеуметттік педагог М.С.Алипбаева